Осыған байланысты Үкіметтің қаулысымен «Жабайы өсетін өсімдіктердің техникалық және дәрілік шикізатын, сондай-ақ азық-түлік мақсатындағы жабайы өсімдіктерді жинау және дайындау тәртібі туралы» ереже бекітілді.

Ережеге сәйкес, жеке және заңды тұлғалар жабайы түрде өсетін өсімдіктер нысандарының пайдаланушылары бола алады.

Ғылым академиясы аталған шикізат пен өсімдіктерді арнайы пайдалану тәртібімен жинау және дайындау қорын анықтайды.

Бұл ретте жабайы өсімдіктер өсетін жердің жалпы аумағы 0,1 гектардан, ал шөп жиналуы 10 пайыздан кем болмауы тиіс.

Ғылым академиясы жыл сайын 15 сәуірге дейін аудан (қала) бөлінісінде тиісті қорлар туралы қорытындыны Экология комитетіне ұсынады.

Жабайы өсімдіктерді арнайы пайдаланудың жылдық квотасы жыл сайын 10 мамырға дейін Экология комитеті төрағасының бұйрығымен бекітіледі.