Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, өте қауіпті жағдайда, өз өмірлерін қатерге тіге отырып, Жерси аралындағы фашистік концлагерьден қашып шыққан өзбекстандық жауынгер Боқижон Акрамовқа өз үйлерінен пана беріп, оның өмірін сақтап қалғаны, сондай-ақ жоғары батылдық пен адамгершілік қасиеттерін танытып, әлем халықтары арасында бейбітшілік, достық және бауырластық идеяларын насихаттауда ерекше үлгі көрсеткені үшін Ұлыбритания азаматтары – марқұм Жон және Филлис Эмили Ле Бретондар Өзбекстан Республикасының «Достық» орденімен марапатталсын.

 

Өзбекстан Республикасының Президенті

Ш. Мирзияев