Ағымдағы жылдың 2–8 қыркүйегі аралығында Мәдени мұра агенттігі жүйесіндегі мемлекеттік мұражайларда, мұражай-қорықтарда және үй-мұражайларына  «Мұражайлар апталығы» өткізіледі.

Осы апталық– тарихымызбен, өнерімізбен және ұлттық мұрамызбен жақынырақ танысуға, сирек кездесетін жәдігерлер мен көне ескерткіштер туралы да жаңа мәліметтер алуға мүмкіндік беретін тамаша бастама.