Атап айтқанда, 13 шілде күні тәуліктік электр энергиясын өндіру көлемі 281,5 миллион кВт·сағатты құрады.

Республика бойынша тәуліктік электр энергиясын тұтыну көлемі 278,6 миллион кВт·сағатқа жетті. Бұл өткен жазғы маусымдағы ең жоғары көрсеткіштен 6 миллион кВт·сағатқа немесе 2,2 пайызға артық.

Анықтама үшін, бұған дейінгі жазғы рекорд 2025 жылғы 18 шілдеде тіркелген болатын, бұл республикадағы тәуліктік электр энергиясын тұтыну көлемі 272,6 миллион кВт·сағатты құраған. Ол кезде орталық аумақтарда ауа температурасы +40 °C-қа, ал шөлейт аймақтарда +42…44 °C-қа дейін көтерілген еді. Биылғы 13 шілдеде де дәл осындай температуралық жағдай байқалды.

Сонымен қатар, ауа температурасының одан әрі жоғарылауына байланысты алдағы күндері электр энергиясын тұтыну мен энергетикалық жүйеге түсетін жүктеме бойынша жаңа рекордтық көрсеткіштердің тіркелуі күтілуде.

Жоғары тұтыну кезеңінде электрмен қамтамасыз етудің тұрақтылығын қамту мақсатында энергетика кәсіпорындары күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Өңірлерде кезекшілік негізінде жұмыс істейтін арнайы авариялық-жөндеу бригадалары электр желілерінде туындауы мүмкін ақауларды қысқа мерзім ішінде жою шараларын қабылдап жатыр.

Кейбір өңірлерде электр желілеріндегі техникалық ақауларға байланысты электрмен жабдықтауда уақытша үзілістер болуы мүмкін.