Родригес жариялаған жаңартылған үкіметтік есепке сәйкес, 16 740 адам
түрлі деңгейде жарақат алған, тағы 17 907 адам баспанасыз қалған. 190
нысан толықтай қирап, 856 ғимарат елеулі зақымданған.
Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 6462 адам құтқарылды, 35
781 адамға ауруханаларда медициналық көмек көрсетілді. 128 324 отбасыға
көмек берілді, 21 210 адам 107 уақытша лагерьге орналастырылды және
зардап шеккендерге 10 063 тонна азық-түлік жеткізілді.
24 маусым күні кешке Венесуэлада жер сілкіністері тіркелді. Шамамен 40 секунд аралығында
магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жер сілкінісі болды. Екі жер
сілкінісінің эпицентрі Яракуй штатында, бір-бірінен 10 шақырым
қашықтықта орналасқан еді. Негізгі жер сілкінісінен кейін 1308 афтершок
тіркелгені туралы report.az хабарлады.