Келіссөздер барысында тараптар үстіміздегі жылдың бірінші
тоқсанында Өзбекстанның Моңғолияға экспорты 15,6 пайызға артқанын атап өтіп,
өзара тауар айналымы көлемін 100 миллион долларға жеткізу мақсаты қойылғанына
тоқталды.
Форумда өнеркәсіптік кооперация мәселелеріне де ерекше
назар аударылды. Атап айтқанда, Моңғолияның жүн және кашемир өнімдерін
Өзбекстанда қайта өңдеп, экспорттау бойынша ынтымақтастықты кеңейту жоспарлары
талқыланды.
Агроөнеркәсіп саласында 2029 жылға дейін Өзбекстандағы
моңғол қойларының санын 1 миллион басқа жеткізу, сондай-ақ Моңғолияда
Өзбекстанның суару жүйелерін енгізу жоспарланғаны айтылды.
Сонымен қатар, кездесулерде Өзбекстан – Қырғызстан –
Қытай – Моңғолия көлік дәлізі арқылы жүк тасымалын жолға қою мәселелері
қаралды.
Геология саласында Өзбекстанның тиісті министрлігі Ұлан-Батырдағы
өкілеттігі арқылы кен орындарын игеру бойынша практикалық жұмыстарды бастағаны
айтылды.
Форум аясында Suzur Health Med, Prime Nomadic Meat,
Tsamkhag Construction және басқа да компаниялардың қатысуымен B2B және G2B
кездесулері өткізілді. Олардың нәтижесінде жаңа инвестициялық жобалар
қалыптастырылды.
Шара қорытындысында бірлескен бастамаларды тұрақты қолдау
механизмін құру жөнінде келісімге қол жеткізілді.