Бұл туралы Ресейдегі Маориф университетінің табиғи пәндер
факультетінің деканы, биолог И. Лялина айтып өтті.
«Учаскеде жұмыс істеу спорт залында жасалатын отырып-тұру
және кардиологиялық жаттығулардың орнын баса ала ма? Иә, бірақ мұнда калория
шығыны жұмыс түріне, оның қарқындылығына және дене салмағына байланысты болады.
Мысалы, бір сағат бойы жеңіл жұмыс, айталық арамшөп жұлу (отау), егінді
шлангпен суару, жидек теру кезінде ағза орта есеппен 200-300 ккал жұмсайды», –
деп түсіндіреді биолог Лялина “NEWS.ru” интернет порталына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, атыз жасау, бұтақтар мен бұталарды кесу,
жерді қопсыту кезінде 300-450 ккал, ал топырақ немесе тыңайтқыш салынған
қаптарды тасу, құрылыс сияқты ауыр жұмыстарда 500-700 ккалға дейін энергия
жұмсалады. Білетініміздей, атызда жұмыс істеу немесе көшет отырғызу кезінде
үнемі еңкеюге тура келеді. Биологтың сөзінше, мұндай жұмыстарды орындағанда
омыртқаға шамадан тыс салмақ түспеуіне назар аударып, тек белмен ғана еңкейе
бермеу керек, яғни кейде отырып-тұру да қажет. Маман бұл үдерісте су ішіп
тұрудың маңызды екенін атап өтеді, өйткені сусыздану метаболизмді (зат
алмасуды) баяулатып, тез шаршауға алып келеді, деп жазады ria.ru.