Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Кеден комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәлім етілгендей, Мемлекет басшысының бастамасымен шекара бекеті түбегейлі қайта жаңғыртылып, заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған кешенге айналдырылды. Бекеттің ашылу және пайдалануға беру рәсімдері 25 қараша күні сағат 16:00-де Өзбекстан мен Қазақстанның ресми делегацияларының қатысуымен өтеді. Азаматтардың бекет арқылы өтуі де салтанатты іс-шаралар аяқталғаннан кейін, аталған уақыттан бастап басталады.
Қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде шекара бекетінің өткізу мүмкіндігі бірнеше есе артты. Атап айтқанда, тәулігіне қызмет көрсету қуаты жолаушылар саны бойынша 30 мыңнан 100 мың адамға дейін, жеңіл автомобильдер саны бойынша 600-ден 3 мыңға дейін, автобустар саны бойынша 70-тен 400-ге дейін ұлғайтылды.
Сонымен қатар, бекеттің аумағы 6 гектардан 9 гектарға дейін кеңейтілді. Бақылау дәліздерінің саны 4-тен 18-ге, ал көлік құралдарына арналған тұрақ орындарының сыйымдылығы 20-дан 200-ге дейін арттырылды.
Сондай-ақ, бүгін, 23 қараша күні «Ғишткуприк» шекара-кеден бекетінің орталық аумағында Кеден комитетінің бастамасымен биіктігі 45 метрлік бағанаға көлемді Мемлекеттік Ту орнатылды.
Еске салайық, «Ғишткуприк» шекара-кеден бекеті қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты 2025 жылғы 5 ақпанда жабылған болатын.