Төсбелгімен елімізде интеллектуалдық меншік саласын дамытуға елеулі үлес
қосқан мемлекеттік және беймемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, халықаралық
ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері марапатталады.
Төсбелгімен марапаттауға қатысты ұсыныстарды қарау үшін Комиссия құрылады.
Комиссия кандидаттарды төсбелгімен марапаттау кезінде төмендегілерді ескереді:
- интеллектуалдық меншік саласын дамыту жөніндегі
мемлекеттік бағдарламаларды, нормативтік-құқықтық құжаттардың жобаларын
әзірлеуге қатысқандығы;
- интеллектуалдық меншік нысандардың
жаратылуын қолдап-қуаттау бағытындағы қызметі;
- интеллектуалдық меншік нысандарының құқықтық қорғалуын
қамтамасыз етуге белсенді қатысқандығы;
- қоғамда интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне
құрмет сезімін қалыптастыруға қосқан үлесі;
- интеллектуалдық меншік саласындағы халықаралық
ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде интеллектуалдық меншік саласында жүзеге
асырылып жатқан реформалар туралы халықаралық қауымдастықты
ақпараттандыруға қатысқандығы.
Төсбелгі жыл сайын 26 сәуір – Халықаралық интеллектуалдық меншік күні
қарсаңында салтанатты түрде табысталады.
Төсбелгімен марапатталған адамдарға базалық есептік мөлшерінің (БЕМ) 4 еселенген мөлшерінде біржолғы ақшалай
сыйақы төленеді.