Бұл туралы Ҳудудгазтаъминот» акционерлік қоғамы мәлімдеді.
Мәліметке орай, қазіргі уақытта қоғам тарапынан республика бойынша 3 миллион 730 мыңнан астам тұрғын мен әлеуметтік саладағы 2 мыңға жуық нысан сұйытылған газбен қамтамасыз етілуде.
Саладағы заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, сұйытылған газдың заңсыз сатылуы мен талан-таражға салынуының алдын алу мақсатында бақылау іс-шаралары жүргізілуде.
Атап айтқанда, 2025 жылы және 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында 3 мыңнан астам кенеттен тексеру мен рейд жүргізіліп, жалпы саны 1 217 заңбұзушылық анықталған.
Осы кезеңде сұйытылған газды заңсыз сатуға маманданған 471 «бункер» анықталып, олардың қызметі тоқтатылған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде құны шамамен 2 миллиард сум болатын 193,6 тонна сұйытылған газдың, сондай-ақ жалпы құны 8,7 миллиард сумды құрайтын 17 301 дана тұрмыстық газ баллонының заңсыз сатылуына жол берілмеген.
Сонымен қатар, 2026 жылдың тоғыз айында жүргізілген қызметтік тексерулер барысында 1,4 мың тонна сұйытылған газ бен 10 626 дана тұрмыстық газ баллонының талан-таражға салынғаны анықталған.
Аталған жағдайларға құқықтық баға беру үшін 25 материал құқық қорғау органдарына жолданған. Олардың негізінде 19 қылмыстық іс қозғалған.
Қоғамның мәліметінше, қазіргі уақытта да комплаенс-бақылау құрылымдары тарапынан тексеру және рейдтік іс-шаралар жалғасуда.
Азаматтар сұйытылған газдың заңсыз сатылуы немесе басқа да заңбұзушылықтар туралы «Ҳудудгазтаъминот» АҚ-ның 1104 қысқа нөміріне, (71) 202-11-04 сенім телефонына немесе antikorruptsiya@hududgaz.uz электрондық мекенжайына хабарлай алады.