Министрлер Кабинетінің 2026 жылғы 19 қазандағы 576-санды  қаулысымен азаматтарға мемлекеттік зейнетақы тағайындау бойынша ықшам қызмет көрсету жүйесін кезең-кезеңімен енгізу іс-шаралары белгіленді.

Құжатқа сәйкес, Президенттің 2025 жылғы 26 маусымдағы ПЖ-105-санды Жарлығы негізінде 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазынашылық қызметі комитеті мен Зейнетақы қорының аудандық (қалалық) бөлімшелерін тарату, сондай-ақ қазынашылық және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерін цифрландыру мен автоматтандыру арқылы аумақтарда ықшам кеңселер құру көзделген.

Мұнда Қазынашылық қызметі комитеті мен Зейнетақы қорының аумақтық басқармалары жанынан әрбір аудан мен қалада 1–3 штаттық бірліктен тұратын ықшам қызмет көрсету кеңселері ұйымдастырылады.

2026 жылғы қазан–желтоқсан айларында тәжірибелік сынақ ретінде Әндіжан, Самарқант және Сырдария облыстарының кейбір қалаларында Зейнетақы қорының зейнетақы тағайындау, оны қайта есептеу, зейнетақы түрін өзгерту және төлемдерді ұйымдастыруға байланысты міндеттері мен функциялары қордың аумақтық басқармаларына беріледі.

Тәжірибе жүргізілетін аумақтардағы барлық аумақтық басқармаларда зейнетақы тағайындау және төлеу мәселелері бойынша үш адамнан тұратын комиссиялар құрылады. Олар Мемлекеттік зейнетақыларды тағайындау және төлеу тәртібі туралы ережеге сәйкес жұмыс істейді.

Тәжірибелік сынақтың нәтижелері негізінде жаңа механизмді 2027 жылғы 1 қаңтарынан бастап бүкіл республика бойынша енгізу жоспарланған.

Қаулы 2026 жылғы 19 қазанда қабылданып, сол күннен бастап күшіне енді.