Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасындағы кезектегі жиналысында «Фармацевтика қызметкерлері күнін белгілеуге байланысты “Өзбекстан Республикасы медицина қызметкерлері күнін белгілеу туралы” Өзбекстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Атап өтілгендей, соңғы жылдары елімізде денсаулық сақтау жүйесінде ауқымды реформалар жүзеге асырылып, фармацевтика саласы да қарқынды дамып келеді. Қазіргі уақытта елімізде 50 мыңнан астам фармацевтика маманы еңбек етуде. Сонымен қатар, 504 фармацевтикалық өндіріс кәсіпорны, 478 дистрибьютор ұйымы және 14 мыңнан астам дәріхана халыққа қызмет көрсетуде.

Заң жобасына орай, қолданыстағы заңдағы «Медицина қызметкерлері» деген сөздерді «Медицина және фармацевтика қызметкерлері» деген сөздермен алмастыру көзделіп отыр. Сондай-ақ қараша айының екінші жексенбісін Өзбекстан Республикасының Медицина және фармацевтика қызметкерлері күні ретінде белгілеу ұсынылуда.

Бұл өзгерістер «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» және «Дәрілік заттар мен фармацевтикалық қызмет туралы» заңдарда қолданылатын ұғымдармен сәйкестікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Атап өтілгендей, заңның қабылдануы фармацевтика қызметкерлерінің қоғамдағы мәртебесін арттыруға, оларды материалдық және моральдық тұрғыдан қолдауға қызмет етеді.

Жиналыс барысында заң жобасы қабылданып, Сенатқа жолданды.