Ел аумағының
басым бөлігінде ауа температурасы 38–41
градус шамасында болады. Солтүстік, оңтүстік және шөлейт аймақтарда 42–44 градусқа дейін көтеріледі.
Аптаның
соңына дейін аптап ыстық біртіндеп күшейе түседі.
Күндізгі ауа
температурасы 41–43 градусқа, ал
солтүстік, оңтүстік және шөлейт өңірлерде 42–44 градусқа дейін жоғарылайды. Түнде ауа райы қапырық болып, температура
23–28 градус, ал солтүстік,
оңтүстік және шөлейт аймақтарда 28–33
градус шамасында болады.
Жел шығыстан
секундына 7–12 метр жылдамдықпен
соғады. Кей жерлерде оның екпіні 13–18
м/с дейін күшейіп, жекелеген аумақтарда шаңды дауыл байқалуы мүмкін.
13–14 шілде күндері
кейбір таулы аумақтарда қысқа
мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал.
13 шілдеде Ташкент,
Әндіжан, Наманган және Ферғана аңғарының тау бөктері мен таулы аймақтарында сел
жүру қаупі бар.
Ташкентте: ауа райы
негізінен аз бұлтты болады. Бүгін және ертең күндіз ауа температурасы 38–40 градус, 15–17 шілде аралығында 40–43
градус, ал түнде негізінен 25–28
градус шамасында болады.