Мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайту, азаматтардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуын кеңейту, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, сондай-ақ парламенттердің халықтың өмірінде нақты әрі оң өзгерістерге қол жеткізудегі рөлін күшейту мәселелері талқылаудың негізгі өзегіне айналды.

Өзбекстан парламенті делегациясының жетекшісі, Олий Мажлис Сенатының төрайымы Танзила Нарбаева өз сөзінде әлеуметтік мемлекет қағидаттарын іске асыру, кембағалдыұты қысқарту және әлеуметтік саясаттың құқықтық негіздерін нығайту бағытында елімізде атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша ақпарат берді. Сонымен қатар заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік саясаттың іске асырылуына парламенттік бақылауды күшейту жөніндегі Өзбекстан тәжірибесін таныстырды.

Атап өтілгендей, Өзбекстан ұсынған бастамалар парламенттердің заң шығару және бақылау функцияларын халықтың қажеттіліктеріне барынша жақындатуға бағытталған. Атап айтқанда, заң жобаларын әзірлеу кезінде қоғам мен жергілікті өкілдік органдардың пікірін толық ескеру, мемлекеттік бағдарламалар мен бюджеттерді тең мүмкіндіктер тұрғысынан бағалау, ал парламенттік бақылауды қабылданған қаулыларды халықтың өміріндегі нақты нәтижелеріне бағыттау жөнінде ұсыныстар айтылды.

Пікірталастар барысында Өзбекстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Әлеуметтік дамуда парламенттердің рөлін күшейту туралы»  резалюциясына да ерекше назар аударылды. Аталған құжаттың парламенттердің әлеуметтік даму, тең мүмкіндіктер және адам әл-ауқатын қамтамасыз етудегі жауапкершілігін арттыруға бағытталғаны атап өтіліп, оны іске асыру барысында парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі жандандырудың маңыздылығы айтылды.