Дахрандағы
Корольдіктің алғашқы кванттық компьютері іске қосылуы Сауд Арабиясының дамып
келе жатқан технологиялар мен цифрлық шешімдер саласындағы өз орнын нығайтуға
ұмтылып отырғанын көрсетеді.
Салтанатты рәсім
барысында Таяу Шығыстағы алғашқы коммерциялық кванттық есептеу платформасы —
QCaaS таныстырылды. Ол бүкіл әлемдегі бизнес пен ғылыми-зерттеу институттарына
қауіпсіз бұлтты интерфейс арқылы есептеу ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін
береді. Платформа жаһандық клиенттер үшін ашық болып, энергетика, материалтану
және өнеркәсіп салаларындағы кванттық қолданбаларды дамыту үдерісін жеделдетуге
мүмкіндік береді, деп хабарлады Kazinform.
Жобаның іске
қосылуы Сауд Арабиясының экономиканы әртараптандыруға және білімге негізделген
инновациялық экожүйені қалыптастыруға бағытталған «Vision 2030» бағдарламасы аясында
жасанды интеллект, бұлтты есептеулер және кванттық технологиялар секілді озық
технологияларға инвестицияларды жеделдетіп жатқанымен байланысты.