Ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, министрліктің мәлімдемесінде Ансоатеги штатында хантавирус инфекциясын жұқтыру салдарынан үш адамның көз жұмғаны айтылған.

Министрлік қайтыс болғандардың аты-жөні мен жасын жарияламады. Сонымен қатар оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты тергеу басталғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ Венесуэланың Денсаулық сақтау министрлігі елдің батысындағы Баринас штатында екі медицина қызметкерінің әзірге себебі анықталмаған жағдайда қайтыс болғанын хабарлады.

Мәлімдемеде Баринастағы өлім жағдайлары мен Ансоатеги штатында расталған хантавирус жұқтыру жағдайлары арасында ешқандай байланыс жоқ екені атап өтілген. Екі оқиғаның бір-біріне қатысы жоқ екені айтылды, деп хабарлады Kazinform.

Бұған дейін Нидерландтағы клиника қызметкерінен хантавирус анықталғаны туралы хабарланған еді.