Қауіпті аймақтар қатарына Бостон, Нью-Йорк, Филадельфия, Балтимор, Вашингтон, Чикаго, Миннеаполис, Сент-Луис, Нэшвилл, Атланта, Орландо және Кливленд қалалары кіріп отыр.

Ұлттық метеорологиялық қызметінің мәліметінше, дүйсенбі күні Чикагода күндізгі ауа температурасы 33°C болғанымен, ол 39°C сияқты сезілген. Сәрсенбіге дейін ең жоғары температура 38–43°C аралығында болады деп күтілуде. Ал Огайо штатындағы Дейтон қаласында сезілетін температура 38°C-қа жеткен.

Нью-Йоркте жұма күні ауа температурасы 35°C-қа дейін көтеріліп, ыстық индексі 106°F (41,1°C) болады деп болжануда. Ал Вашингтон мен Солтүстік Каролина штатындағы Роли қалаларында апта соңында ауа температурасы 39°C-қа дейін көтеріліп, ыстық индексі тиісінше 108°F (42,2°C) және 107°F (41,6°C) болады, деп хабарлады Kazinform.