Диалог барысында 2027 жылы Ташкент халықаралық қаржы
орталығының қызметін іске қосу мәселесі талқыланды. «BlackRock» компаниясы осы Орталықтың
тұжырымдамасы мен құрылымын әзірлеуге қолдау көрсетіп келеді.
“АҚШ-тың іскерлік топтары өкілдерінің қатысуымен
өткен бірлескен дөңгелек үстел сұхбатында Өзбекстан мен өңіріміздің алдағы
онжылдықтарға арналған даму болашақтары туралы пікір алмастық.
Өзбекстан ірі, тиімді әрі сапалы инвестициялар үшін
жаңа мүмкіндіктер алаңына айналып келеді”, — деді Саида Мирзияева.