Дүйсенбі таңертеңгі сауда деректеріне орай, Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,57 пайызға арзандап, бір баррелі 97,76 долларды құрады.

WTI маркалы мұнайдың бағасы 0,11 пайызға төмендеп, бір баррелі 90,73 долларға жетті, деп хабарлады Kazinform.

Ресейдің Urals маркалы мұнайының бағасы бір баррель үшін 76,85 долларды құрады. Оның бағасы 10 пайызға төмендеген.

Мұнай бағасының арзандауына әсер еткен факторлардың бірі – АҚШ Президенті Дональд Трамптың Вашингтон мен Тегеран арасындағы қақтығысты тоқтату бойынша кеңесулер айтарлықтай оң нәтиже бергені туралы мәлімдемесінде.

Қатар АҚШ пен Иран арасындағы жанама келіссөздерде негізгі делдалдардың бірі саналады. 6 қарашада Қатар әмірі Шейх Тамим бин Хамад Ол Соний АҚШ Президенті Дональд Трамппен Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған дипломатиялық іс-әрекеттерді талқылады.

Сонымен қатар жексенбі күні хуситтер Эр-Рияд қаласындағы Saudi Aramco компаниясының кеңселеріне шабуыл жасағандарын мәлімдеді.

Шабуыл қаупіне байланысты Эр-Рияд пен Наджран өңірлерінде, сондай-ақ Шығыс облысындағы Даммам, Әл-Ахса және Букайк қалаларында ерте ескерту жүйелері іске қосылды.

Кейіннен ресми өкілдер қауіп деңгейінің төмендегенін хабарлады.