Oilprice.com мәліметінше, Brent маркалы мұнай бағасы 0,89 долларға немесе 0,94%-ға арзандап, 1 баррель үшін 93,73 доллар болды.

Ал Ресейдің Urals маркалы мұнайының бағасы, керісінше, 1,13 долларға немесе 1,24%-ға өсіп, 1 баррель үшін 92,16 долларды құрады.

Мұнай бағасының төмендеуіне АҚШ-тағы аралық сайлаудың аяқталуы және Таяу Шығыстағы қақтығыстың тоқтауына деген үміт әсер етті. NBC News Демократиялық партия АҚШ Өкілдер палатасы мен Сенатта көпшілік орынға ие болады деп болжап отыр.

Бұған дейін Қытайдың Иран және Сауд Арабиясымен Ормуз бұғазын ашу мәселесін талқылап жатқаны хабарланған болатын. Тараптар халықаралық энергетикалық жеткізудің үздіксіздігін қамтамасыз ету және жаһандық қауіпсіздікті сақтау үшін Таяу Шығыстағы тұрақтылықтың маңыздылығын атап өтті.

Urals маркалы мұнайдың бағасы бір тәулікте 10 долларға арзандаған, деп хабарлады Kazinform.