Brent маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстерінің бағасы алдыңғы сауда сессиясының жабылу көрсеткішімен салыстырғанда 3,02 пайызға өсіп, бір баррель үшін 100,88 долларды құрады. Бірнеше минут бұрын бұл көрсеткіш 24 шілдеден бері алғаш рет 101 доллардан жоғары көтерілді.

Қазіргі уақытта WTI маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері 3,09 пайызға қымбаттап, бір баррель үшін 95,9 долларға жетті, деп хабарлады Kazinform.

Бұған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыста  Brent мұнайының бағасы 100 долларға жақындағаны туралы хабарланған болатын.