28 қыркүйек
таңертеңгі жағдай бойынша Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,74 пайызға
қымбаттап, бір баррелі 106,14 долларды құрады, деп хабарлады Kazinform.
WTI маркалы
мұнай бағасы 0,90 пайызға өсіп, бір баррелі 93,24 долларға жетті.
Ресейдің
Urals маркалы мұнайының бағасы 3,57 пайызға көтеріліп, бір баррелі 113,61
долларға тең болды.
Қазіргі
уақытта мұнай базарына бірнеше
фактор әсер етуде. Атап айтқанда, инвесторлар АҚШ пен Иран арасындағы
келіссөздердің нәтижесін күтуде. Егер тараптар келісімге қол жеткізсе,
аймақтағы шиеленіс бәсеңдеп, Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізу қайта қалпына
келуі мүмкін.
25
қыркүйектен бері мұнай бағасы АҚШ пен Иран арасында бейбітшілік бітімі жасалуы мүмкіндігі туралы болжамдар аясында өзгеріп келеді.
Сонымен қатар, базар
қатысушылары Таяу Шығыстан мұнай жеткізуге байланысты қауіптерді бақылауда.