Бұл туралы Грузияның ішкі істер министрі Сулхан Тамазашвили журналистерге болған оқиғаны мәлімдеді.
Жарылыс бесінші қабаттағы пәтерде газ жылытқышты пайдалану кезінде табиғи газдың жиналып қалуы салдарынан болған. Оқиға нәтижесінде ғимараттың бір бөлігі опырылып түскен, деп хабарлады regnum.ru.
«Болған оқиға бойынша тергеу басталды. Ғимараттың бір бөлігі тұруға жарамсыз деп танылды. Тұрғындар эвакуацияланып, қонақүйлерге орналастырылды», — деді министр.
Сондай-ақ ол қаза тапқандардың отбасы мүшелері мен жақындарына көңіл айтты.