Ағымдағы жылдың 6–7 және 9–11 қараша күндері күтілетін жауын-шашынға байланысты республиканың тау бөктері мен таулы аймақтарында сел жүруі және су тасқыны болуы мүмкін.

Қауіп төнуі ықтимал аумақтар:

Қашқадария облысы: Яккабоғ, Дехқонобод, Шырақшы, Китаб, Шахрисабз, Қамашы, Ғұзар аудандары;

Сұрхандария облысы: Сариосиё, Ұзын, Алтынсай, Денов, Байсын, Шерабад, Шоршы, Құмқорған, Мұзрабад аудандары;

Самарқант облысы: Үргіт, Самарқант, Бұлұнғыр, Нұрабад, Құсрабад, Каттақорған, Пайарық, Жамбай, Иштихан аудандары;

Науаи облысы: Хатыршы, Науаи, Нұрата, Кенимех, Кармана аудандары;

Жызақ облысы: Замин, Бахмал, Ғаллаарал, Шараф Рашидов, Фарыш, Янгиобод аудандары;

Ташкент облысы: Ахангарон, Бостандық, Паркент, Піскент, Орта Шыршық, Жоғарышыршық аудандары, сондай-ақ Ангрен және Алмалық қалалары;

Наманган облысы: Поп, Косонсай, Чартак, Чуст, Наманган, Янгиқорған аудандары;

Ферғана облысы: Сох, Шахимардан, Ферғана, Бешарық аудандары;

Әндіжан облысы: Әндіжан, Асака, Жалалқұдық, Қорғантөбе, Пахтаабад, Ізбасқан, Ходжаабад, Мархамат аудандары және Ханабад қаласы.

Аталған аумақтарда сел жүруі және су тасқыны құбылыстары орын алуы мүмкін.

Тау бөктері мен таулы аймақтарда тұратын тұрғындардан, демалушылардан және осы аумақтар арқылы қатынайтын жүргізушілерден барынша сақ болу, қажетті қауіпсіздік шараларын сақтау сұралады.

Сонымен қатар республиканың кейбір өңірлерінде жаңбыр суының жиналу ықтималдығы бар. Бұл жағдай кейбір аумақтарды су басуына әкелуі мүмкін.