Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске енгізілген қосымшаларға сәйкес, нысандарды салу үшін жер учаскелерін бөлу, жобалау, салу, реконструкциялау және құрылысы аяқталған нысанды пайдалануға қабылдау рәсімдерін жүзеге асыру кезінде төмендегідей құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік белгіленді;
лауазымдық өкілеттіктерді пайдалана отырып, заңсыз араласу
өкілетті органның және қорытынды берушілердің өздеріне жүктелген міндеттері мен функцияларын орындауына лауазымдық өкілеттіктерді пайдалана отырып, заңға қайшы түрде араласу:
Базалық есептік мөлшердің (БҲМ) 100 еселенген мөлшерінен 150 еселенген мөлшеріне дейін айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Сұйытылған көмірсутек газын тұрмыстық газ баллондарында беру
Автомобильдерге газ құю станцияларының тұтынушыларға сұйытылған көмірсутек газын тұрмыстық газ баллондарында беруі:
БЕМ-нің 3 еселенген мөлшерінен 5 еселенген мөлшеріне дейін айыппұл салуға әкеп соғады.
Өрттен міндетті сақтандыру талаптарын орындамау
Базарлардың, сауда кешендерінің және сауда-ойын-сауық орталықтарының меншік иелерінің үшінші тұлғалардың өміріне және (немесе) денсаулығына өрт салдарынан зиян келтірілгені үшін азаматтық жауапкершілігін сақтандыру, сондай-ақ аталған нысандарды өрттен міндетті түрде сақтандыру жөніндегі міндеттемелерін орындамауы:
Лауазымды тұлғаларға БЕМ-нің 50 еселенген мөлшерінен 75 еселенген мөлшеріне дейін айыппұл салуға әкеп соғады.
Өрт аудитін жүргізу талаптарын бұзу
Өрт аудитін жүргізуге қатысты заңнамада белгіленген талаптар мен шарттарды бұзу:
· азаматтарға БЕМ-нің 15 еселенген мөлшерінде;
· лауазымды тұлғаларға БЕМ-нің 30 еселенген мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.