Dawn басылымы полиция және құтқару жұмыстарына сүйеніп хабарлауынша,  Оқиға Панжоб облысының Пакпаттан ауданындағы Депалпур-роуд жолында болған. Шамамен үш сағатқа созылған құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері және ауыр техникалар жұмылдырылған. Жараланғандардың 25-і аудандық ауруханаға жеткізілді.

Пәкістан президенті Асиф Али Зардари қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.