Қаулыға орай, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру және дамыту бойынша ұзақ және қысқа мерзімді мастер-жоспар (Мастер-жоспар) негізінде мемлекет пен жекеменшік сектордың қатысуымен төмендегі механизмдер енгізіледі:
медициналық қызметтерге деген қажеттілікті, сондай-ақ тиісті аумақтағы мемлекеттік және беймемлекеттік медициналық ұйымдардың қолданыстағы мүмкіндіктерін ескере отырып, жекеменшік секторды медицина саласына тарту;
мемлекет кепілдік берген медициналық көмекті көрсету үшін қажетті медициналық мекемелерді мемлекеттік меншікте сақтау және олардың қуаттарын халықтың медициналық қызметтерге деген нақты қажеттілігіне сәйкес дамыту;
қызметінің тиімділігін арттыру, озық басқару тәжірибесі мен заманауи клиникалық технологияларды енгізу қажет болған жекелеген медициналық мекемелерге кәсіби басқарушыларды тарту және басқа да шаралар.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік медициналық мекемелерде (медициналық мекемелері) медициналық және қосалқы қызметтерді жекеменшік сектордан аутсорсинг негізінде сатып алудың жаңа тәртібі енгізіледі. Бұл ретте:
аутсорсинг шарттары көрсетілетін қызметтің ерекшелігі мен аутсорсер енгізілетін инвестиция көлеміне қарай 5 жылға дейінгі мерзімге жасалады;
жекелеген жағдайларда инвестициялардың өтелу мерзімін ескере отырып, ерекшелік ретінде, Денсаулық сақтау министрлігінің қорытындысы негізінде аутсорсинг қызметтерін көрсету бойынша келісімшарттар 10 жылға дейінгі мерзімге жасалуы мүмкін;
жаңа тәртіп енгізілгенге дейін қолданылу мерзімі аяқталатын аутсорсинг жобаларын 2027 жылдың соңына дейін жалғастыруға рұқсат етіледі.