Қаулыға орай, ауыл шаруашылығы субъектілерін қаржылай
қолдау мақсатында мынадай субсидиялар бөлінеді:
2026 жылғы өнімді мақта шикізатының
әрбір тоннасына (4 және 5-сұрыптты мақтаны қоспағанда) 500 мың сумнан;
2026 жылы өздеріне бекітілген жер учаскелерінде мақта-тоқымашылық
кластерлері мен олардың құрылтайшылары болып табылатын кәсіпорындарға мақта
өсірілген әрбір гектар жер үшін 1,5
миллион сумнан;
2027–2029 жылдары мал шаруашылықтарына негізгі алқаптарда мал азықтық
дақылдар өсіргені үшін Ғарыштық зерттеулер және технологиялар агенттігінің
қорытындысы негізінде әрбір гектар егістікке жылына 500 мың сум мөлшерінде;
2026 жылғы 1 қазаннан 2027
жылғы 1 маусымға дейін кәсіпкерлік
субъектілеріне салқындатылған сиыр және қой етін импорттау кезінде әрбір
килограмм етке 2,5 мың сум мөлшерінде.
2027 жылғы 1 қаңтардан 2028
жылғы 1 қаңтарға дейін құқықтық
тәжірибе ретінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің суды үнемдейтін
суару технологияларын енгізуге жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша «Нәтижеге негізделген субсидия»
жүйесін енгізу тәртібі қолданылады.
Бұл ретте, субсидия мөлшері алушының шығындарымен
қатар өнімділік, өнім сапасы және басқа
да нәтижелік көрсеткіштер негізінде белгіленеді.
Үш жыл бойы сақтандыру жағдайы тіркелмеген ауыл
шаруашылығы кәсіпорындарына төртінші жылдан бастап сақтандыру сыйлықақысына 10 пайыздан 20 пайызға дейін жеңілдік
беру тәжірибесі енгізіледі.
Сонымен қатар, сақтандыру сыйлықақыларының 3–5 пайызы ескертуші шаралардың қорына
бағытталады.