Қаулыға
орай, 2026 жылғы 1 қазаннан бастап
электротехника өнеркәсіпорындары үшін мынадай қолдау шаралары енгізіледі:
айналым қаражатпен қамтамасыз ету үшін несие банктері арқылы
төмендегі шарттармен несиелер бөлінеді:
«Сауданы дамыту компаниясы»
акционерлік қоғамы (Компания) қаржылары есебінен 2 жылға дейінгі мерзімге, оның ішінде 3 айлық жеңілдік кезеңімен, жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен (оның ішінде 2 пайыз — банк маржасы) бір кәсіпкерге
5 млн АҚШ доллар көлемінде;
несиенің 50 пайызына, бірақ 20 миллиард сумның эквивалентінен аспайтын
мөлшерде, «Бизнесті кепілдендіру
ұлттық компаниясы» АҚ есебінен кепілдік, қалған бөлігі бойынша кәсіпорын
тарапынан ликвидті мал-мүлік, сақтандыру полисі,
экспорттық келісімшарт (болашақтағы ақша түсімдеріне талап ету құқығы
негізінде) және/немесе қамтамасыз етудің басқа да түрлері ұсынылады;
биржалық сауда арқылы мыс шикізатын сатып алуда есеп-хисап жасаудың
төмендегі тәртібі енгізіледі:
Өзбекстан
Республикасы Президентінің 2025 жылғы
15 қазандағы ПҚ–304-санды қаулысының 6-пункітіне сәйкес бөлінген
қаражаттың игерілмеген бөлігі есебінен Компания
«Узсаноатэкспорт» АҚ-ға тікелей 40 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат бөледі;
биржалық саудада
мыс шикізатын сатып алу кезінде 25
пайызын кәсіпорын өзі төлейді, ал қалған 75 пайызын «Узсаноатэкспорт» АҚ тарапынан 3 күн ішінде төлейді.
Бұл ретте, бір кәсіпкерлік субъектісінің «Узсаноатэкспорт» АҚ алдындағы берешегінің 3 млн АҚШ долларынан асып
кетуіне жол берілмейді;
кәсіпорындар
«Узсаноатэкспорт» АҚ алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін сақтандыру полисін ұсынады;
«Узсаноатэкспорт»
АҚ төлеген 75 пайыз көлеміндегі қаражат
кәсіпорындар тарапынан 90 күн ішінде қайтарылады. Мұнда кешіктіріп төлеу
мүмкіндігін берген әрбір күн үшін
жылдық 6 пайыздық мөлшерлеме бойынша пайыз есептеледі.