Мұнда бағдарлама аясында:

1–4-сынып оқушылары үшін дене шынықтыру сабақтарында тенниске қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған бастапқы жаттығулар ұйымдастырылады;

оқушылардың тенниске деген қызығушылығы және спорттық инфрақұрылымның бар-жоғына қарай теннис дамытылатын жалпы орта білім беру ұйымдары іріктеліп алынады;

таңдап алынған жалпы орта білім беру ұйымдарында теннис бойынша спорт секциялары ұйымдастырылып, олардың материалдық-техникалық базасы жетілдіріледі және спорттық құрал-жабдықтармен, соның ішінде «tennis wall» құрылғыларымен Өзбекстан теннис федерациясының қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі;

жаттығуларды таңдап алынған жалпы орта білім беру ұйымы орналасқан аумақтағы спорт мектебінен тартылған тренерлер тарапынан өткізеді.

Қаулымен 2023 жылғы 7 сәуірдегі ПҚ–114-санды қаулының 7-қосымшасының 9 және 10-пункіттеріндегі мөлшерлерге төмендегідей өзгерістер енгізілді:

9. Азия және Параазия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері төмендегі мөлшерде біржолғы ақшалай сыйақымен ынталандырылады:

  • алтын медаль үшін — 25 000 АҚШ доллары;
  • күміс медаль үшін — 12 500 АҚШ доллары;
  • қола медаль үшін — 6 250 АҚШ доллары.

10. Азия және Параазия ойындарында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларды дайындаған жаттықтырушылар төмендегі мөлшерде біржолғы ақшалай сыйақымен ынталандырылады:

  • алтын медаль үшін — 10 000 АҚШ доллары;
  • күміс медаль үшін — 5 000 АҚШ доллары;
  • қола медаль үшін — 2 500 АҚШ доллары.