«Президентті және Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау туралы» конституциялық заңға сәйкес, президент те, депутат та сайлауға қатысқан кезде қызметінен кетуге міндетті емес, деп хабарлады 24.kg.

Алдын ала мәлімет бойынша, сайлауалды үгіт-насихат кезеңі 22 немесе 23 желтоқсанда басталады.

Президенттікке кандидатқа қойылатын талаптар бойынша Қырғыз Республикасының азаматы, кемінде 35 жасқа толған және мемлекеттік тілде еркін сөйлей алатын адам президент болып сайлана алады. Кандидаттың шетел азаматтығы болмауы және Қырғызстан аумағында кемінде 15 жыл тұрған болуы қажет.

Жаңа ережеге сәйкес, соттылығы жойылған немесе қылмыстық ісі  реабилитацияланбаған  негіздер бойынша тоқтатылған тұлға президент бола алмайды.

Бұған дейін кандидаттың соттылығы болмауы талап етілетін. Алайда оның соттылығы жойылған болса, сайлауға қатысуына мүмкіндік берілген еді.