Енді бұл талап тек стационарлық радарларға қатысты болады. Өзгертудегі мақсат — жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларының санын азайту.
Министрлер Кабинеті 29 қазанда қабылдаған қаулыға сәйкес, мобильді радарларды пайдалану кезінде «Радар» жол белгісінің болуы міндетті деген талап күшін жойды. Бұл талап 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Көлік құралдарын пайдалануда халыққа қосымша қолайлылықтар жасау туралы» қаулымен енгізілген болатын.
Бұдан былай «Радар» белгісі тек қозғалыс жылдамдығын бақылайтын стационарлық радарлардың алдына орнатылуы тиіс.
Жол қозғалысы ережелеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес, белгі радардан кемінде 250 метр және ең көбі 500 метр қашықтықта орналасуы керек.
Өзгерістердің мақсаты ретінде құқық бұзушылықтарды фото және бейнетіркеу құралдарын пайдалану тәртібін жетілдіру арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларының санын азайту көрсетілген.
Еске салайық, осы құжатқа сәйкес, қауіпсіздік белдігін тақпау фактісі енді кәсіпкерлер орнатқан камералар арқылы да тіркелуі мүмкін.
Бұдан бөлек, жол-патрульдік қызмет инспекторлары енді қиылысқа дейінгі 50 метр және кері бұрылуға дейінгі 20 метр қашықтықта тұтас сызықты басып кетуді жол қозғалысы ережесін бұзу ретінде тіркемеуі тиіс.