Аталған миссия аясында Кувейттен келген 36 дәрігер 317-ден астам науқасты тегін медициналық тексеруден өткізіп, 187 күрделі хирургиялық операция жасады. Медициналық көмек кардиология, онкология, гинекология, пластикалық хирургия, офтальмология, ортопедия және жалпы хирургия сияқты 7 бағыт бойынша көрсетілді.
Жобаның жалпы құны 4,2 миллион долларды құрап, соның 3,9 миллион доллары медициналық қызметтерге, ал 300 мың доллары қажетті медициналық жабдықтар мен жұмсалатын материалдарын сатып алуға бағытталды.
Бұл – қайырымдылық бағдарламасының екінші кезеңі болып, алғашқы кезеңі 2025 жылғы 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында Нөкіс қаласында өткен болатын. Сол кезде 420 науқасқа тегін медициналық көмек көрсетіліп, 36 операция жасалған.
Сапар аясында Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесінде бірқатар кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында Кегейлі, Қанлыкөл және Төрткүл аудандарында мүгедектігі бар балаларға арналған амбулаториялық оңалту орталықтарын құру жобалары талқыланды.