Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, қазан айында елдегі тауарлар мен қызметтердің бағасы орта есеппен 0,6 пайызға өскен. Баға өзгерісі әсіресе азық-түлік өнімдерінде айқын байқалды.

Атап айтқанда: Қой еті 1,4 пайызға, сүйекті сиыр еті 1,2 пайызға, тартылған ет (фарш) 1,1 пайызға, сүт 1 пайызға қымбаттады, ал қант бағасы 2,2 пайызға арзандады.

Көкөністер арасында баклажан мен қиярдың бағасы 9 пайызға, болгар бұрышы 8,7 пайызға өскен. Керісінше, алма 3 пайызға, банан 1,3 пайызға арзандады.

Қазан айында жанармай бағасында да өзгерістер тіркелді. Атап айтқанда, жанармай бағасы орта есеппен 1 пайызға, пропан 0,4 пайызға қымбаттады. Ал метан бағасында өзгеріс байқалмаған.

Коммуналдық және өзге де қызметтер арасында:

Суық су мен кәріз қызметтері 4,7 пайызға;

Репетиторлық қызметтер 1,6 пайызға;

Такси қызметтері 1,3 пайызға;

Шет тілдері курстары 0,8 пайызға қымбаттаған.

Мәліметке орай, қазан айында жылдық инфляция деңгейі 6,5 пайызды құраған. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың қазан айындағы деңгейден 1,3 пайызға төмен.

Бағаларды бақылау мақсатында 10 мыңнан астам сауда және қызмет көрсету нысанында 3 миллионнан астам баға тіркелген.