Қаулыға сәйкес, 2027 жылғы 1 мамырдан бастап ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды ваучер негізінде білім алуына қолдау көрсететін заманауи ассистивтік (көмекші) құрылғылармен қамтамасыз ету жүйесі енгізіледі.

2027/2028 оқу жылынан бастап мүгедектігі бар талапкерлер үшін жоғары оқу орындарына түсу емтихандарында, сондай-ақ мүгедектігі бар педагог кадрларды аттестаттау кезінде және жалпы білім беретін пәндер бойынша білім деңгейін анықтайтын ұлттық сертификат алу емтихандарында (сынақта):

белгіленген уақыт нормасының 50 пайызы көлемінде қосымша уақыт беріледі және Брайль әліпбиіндегі, аудио және электрондық форматтағы емтихан материалдарын пайдалану мүмкіндігі жасалады.

Сондай-ақ, 2026/2027 оқу жылынан бастап ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мамандандырылған мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқыту баланың жеке білім беру қажеттіліктеріне, функционалдық мүмкіндіктеріне және оқу үлгеріміне сәйкес әзірленетін жеке білім беру жоспарлары негізінде ұйымдастырылады.

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап коррекциялық сынып ашқан жалпы орта білім беру қызметін көрсететін  беймемлекеттік білім беру ұйымдарына осы сыныптарда оқитын әрбір оқушы үшін төмендегі мөлшерде субсидия бөлінеді:

Ташкент қаласында – базалық есептік мөлшердің (БЕМ) 11 есе;

облыс орталықтары мен Нөкіс қаласында – БЕМ-нің 9,5 есе;

басқа аудан (қала)ларда – БЕМ-нің 8,5 есе.