Бұл туралы Президенттің «Теннис спорт түрін бұқараландыру және дамыту іс-шаралары туралы» қаулысында (ПҚ–347-санды, 2026 жылғы 21 қыркүйек) белгіленген.

Қаулыға орай, 2030 жылға дейін теннис спорт түрін бұқараландыру және дамыту бойынша негізгі мақсатты көрсеткіштер белгіленді.

Атап айтқанда:

  • тенниспен тұрақты шұғылданушылар санын 3 мың адамға жеткізу;
  • теннис бойынша жаттықтырушылар санын 200 адамға жеткізу;
  • теннис спорты бойынша Азияның ең үздік топ-5 елінің қатарына кіру;
  • теннис спортын болашағы зор спорт түрлері қатарына енгізу бойынша іс-шаралар қабылдау көзделген.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қазаннан бастап Өзбекстанда теннис бойынша бірқатар дәстүрлі жарыстар өткізіле бастайды.

Атап айтқанда, Кәсіби теннисшілер ассоциациясы (ATP), Әйелдер теннисі ассоциациясы (WTA) және Халықаралық теннис федерациясының (ITF) қамқорлығымен халықаралық теннис жарыстары, жастар мен ересектер арасында Өзбекстан кубогы, сондай-ақ жастар, жасөспірімдер және ересектер арасында Республикалық чемпионат өткізіледі.

Бұдан бөлек, ересектер арасында «Uzbekistan Open» халықаралық турнирі және ерлер арасында «ATP Challenger» халықаралық жарысын өткізу жолға қойылады.