Азия футбол конфедерациясының (AFC) мәліметінше, мұндай қаулыны жарысты ұйымдастырушы комитеті, Сауд Арабиясы футбол федерациясы және жергілікті ұйымдастыру комитетімен жүргізілген келіссөздерден кейін қабылданған.

Бастапқыда турнирді 2027 жылғы 7 қаңтардан 5 ақпанға дейін өткізу жоспарланған болатын.

Жарыс күндерінің өзгеруіне өңірдегі жағдайға байланысты туындаған төтенше жағдайлар, соның ішінде логистикадағы елеулі қиындықтар мен сапарлардың үзілуі себеп болған.

AFC турнирді бастапқыда белгіленген мерзімде ұйымдастырып, өткізу үшін төтенше жағдайлар қалыптасқанын атап өтті. Осыған байланысты турнирді кейінге ауыстыру қатысушы командалар, ресми тұлғалар, көрермендер және басқа да мүдделі тараптар үшін оңтайлы шешім болып саналады.

Турнирдің жаңа күндерін FIFA бекітуі тиіс.

AFC Сауд Арабиясы футбол федерациясы мен жергілікті ұйымдастыру комитетінің Азия футболшылары мен жанкүйерлері үшін жоғары деңгейдегі жарыс өткізу жолындағы күш-жігерін жоғары бағалады.

Конфедерация турнирді ұйымдастыру барысында қатысушы елдердің футбол қауымдастықтарымен, демеушілермен, трансляция және коммерциялық серіктестермен тығыз ынтымақтастықты жалғастыратынын мәлімдеді.

Турнир туралы қосымша ақпарат AFC-тің ресми арналары арқылы жарияланады.