Өзбекстан ұлттық құрама командасының капитаны Элдор Шомуродовтың
2026 жылғы FIFA Әлем
чемпионатында Конго ДР қақпасына соққан тамаша голы FIFA ұйымдастырған
«Турнирдің ең әдемі голы» сауалнамасында екінші орынға ие болды.
Шомуродов топтық кезеңнің үшінші турында Конго ДР-ға
қарсы кездесудің 10-минутында допты қақпашының үстінен асыра теуіп, есеп ашқан
еді. Бұл гол жанкүйерлер мен футбол мамандары тарапынан әлем чемпионатындағы ең
әдемі голдардың бірі ретінде жоғары бағаланды.
Еске сала кетейік, аталған гол бұған дейін FIFA
жанкүйерлерінің дауыс беруі нәтижесінде Әлем
чемпионаты топтық кезеңінің ең әдемі голы атанып, турнирдің жалпы сауалнамасына
жолдама алған болатын.
Айта кетейік, бұл номинация бойынша бірінші орынды
Кабо-Верде құрамасының ойыншысы Сидни Лопес Кабралдың Аргентина қақпасына
соққан добы иеленді.