«Таңдаған жолымыз айқын — ашықтық, тату көршілік және диалог. Біз бейбітшілік, ынтымақтастық пен адам қадір-қасиетін құрметтеуді қолдаймыз», — деді Саида Мирзияева.

Ол өз сөзінде Орталық Азиядағы түбегейлі өзгерістер, Өзбекстандағы реформалар, экология және Арал апаты, жасанды интеллектінің дамуы, заң үстемдігі мен адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

Саида Мирзияева сондай-ақ бүгінгі таңда бірде-бір мемлекет жаһандық мәселелерді жалғыз өзі шеше алмайтынын атап өтті.

Оның айтуынша, Өзбекстан сенім мен өзара құрметке негізделген болашақты құру жолында лайықты үлес қосуға әрдайым дайын.