Кездесу Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (APEC) саммитінің негізгі іс-шаралар өтетін орны болған Шэньчжэнь халықаралық алмасу орталығында ұйымдастырылды. Келіссөздер шамамен 48 минутқа созылды.
Кездесуге Ресей тарапынан Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Президенттің көмекшісі Юрий Ушаков, Қаржы министрі Антон Силуанов және Ресейдің тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев қатысты, деп хабарлады ria.ru.
Ресей, Қытай және АҚШ басшыларының алғашқы үшжақты кездесуі бейсенбі күні кешке қарай өтуі жоспарланған. Кездесу ұзақ өмір мен өркендеудің рәмізі саналатын “Қытайдың бірмүйізді тұлпары” құрметіне «Цилинь Шаньчжуан» деп аталатын мемлекеттік қонақүйде болып өтеді.
Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (APEC) саммиті 18–19 қараша күндері Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтуде. APEC құрамына Ресейді қосқанда Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 21 мемлекет кіреді.