Бұл ақпаратты Қытай Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды report.az.

«19 қараша күні Қытай Президенті Си Цзиньпин Шэньчжэнь қаласында Ресей Президенті Владимир Путинмен және АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесу өткізеді», – делінген Қытай Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Кездесу үшжақты форматта өтетіні белгілі болды.

Бұған дейін Пекин мұндай кездесудің өтетінін ресми түрде растаған болатын. Reuters агенттігінің дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, Қытай Путин, Трамп және Си Цзиньпин арасындағы кездесуде Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың талқылануына қарсы.