Кездесу барысында Фредерик Старр Президент Шавкат Мирзияевтың халықаралық аренада және аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында көтеріп жүрген бастамаларына жоғары баға беретінін білдірді.

Сондай-ақ сарапшы Өзбекстанда медиа саласында жүзеге асырылып жатқан өзгерістер мен сөз бостандығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттерді ерекше атап өтті.

Кездесу қорытындысында Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар туралы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына арналған сараптамалық мақалалар дайындайтын журналистер мен саяси шолушыларды даярлау бағытында ынтымақтастық орнату бойынша келісімге қол жеткізілді.

Осы бағытта журналистер мен саяси шолушылардың кәсіби біліктілігін арттыру, сондай-ақ халықаралық медиа кеңістігінде Өзбекстан туралы сараптамалық материалдардың ауқымын кеңейту мәселелері ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының  бірі болуы мүмкін.