Журналист Өзбекстан туралы ондаған мақала жазған. Оның материалдарында республиканың саясаты, халықаралық аренадағы үні мен бастамалары туралы баяндалады.

Өзбекстан Журналистер ұйымы делегациясының АҚШ-қа сапары аясында еліміздің Вашингтон қаласындағы елшілігінде журналистке аталған сыйлық тапсырылды.Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты рәсімге Өзбекстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті елшісі Фурқат Сидиқов, шет мемлекеттердің дипломаттары, қоғам және сарапшылар қауымдастығының өкілдері мен журналистер қатысты.

Шарада сөз сөйлеген Өзбекстан Журналистер ұйымының төрағасы Шухрат Орипов Президент Шавкат Мирзияевтың бастамасымен «Алтын қалам» ұлттық сыйлығына арналған халықаралық байқау аясында 2021 жылы «Шетелдік журналистің Өзбекстан туралы ең үздік материалы» номинациясының енгізілуі шетелдік журналистер үшін өзіндік ынталандыру болғанын атап өтті.

Сондай-ақ бұл тәжірибе халықаралық ақпарат кеңістігінде Өзбекстан туралы жарияланатын ақпараттардың үлесін арттыруға қызмет етіп келе жатқанын айтты.

Салтанатты рәсімде Виктор Готевбе Өзбекстан тарапынан көрсетілген осындай жоғары құрметке ризашылығын білдіріп, бұл оқиғаның өзі үшін күтпеген әрі жарқын оқиға болғанын жеткізді.

«Шынымды айтсам, мен қатты таңғалдым. Мұндай болады деп мүлде күтпеген едім. Бұл мен үшін зор шабыт, ынталандыру және ерекше мақтаныш», – деді Готевбе.

Сонымен қатар салтанатты рәсім барысында Виктор Готевбе мен «The Hill» газетінің қоғамдық тілшісі Жеймс Дурсоға Өзбекстан Журналистер одағының құрметті мүшелік куәліктері табысталды.

Сарапшы әрі журналист Жеймс Дурсо АҚШ саясаты, атап айқанда Орталық Азиямен байланыстары және Ауғанстандағы жағдай туралы мақалалар жазады. Оның Өзбекстанға қатысты көптеген сараптамалық материалдары да бар. Дурсо 2024 жылы «Алтын қалам» сыйлығының иегері атанған.

Іс-шара барысында қазіргі уақытта АҚШ-та қызмет атқарып жүрген журналист Отабек Эшмаматовқа және kun.uz веб-сайтының АҚШ-тағы арнайы тілшісі Шохрух Мажидовқа да Өзбекстан Журналистер одағының мүшелік куәліктері табысталды.