Бұл көрсеткіштер ел үкіметі жариялаған ресми мәліметтерде көрсетілген.

Ресми деректерге орай, Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын 11 042 адам жұқтырған. Ал ауру салдарынан қайтыс болғандар саны 5 387 адамға жеткен.

2026 жылдың мамыр айында басталған індет елдегі 26 провинцияның сегізіне таралған. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлады.

Ауқымы жағынан қазіргі індет тарихтағы ең ірі Эбола эпидемияларының ішінде 2014–2016 жылдары Батыс Африкада тіркелген эпидемиядан кейінгі екінші ірі індет болып саналады.