Шетелдік
бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл туралы Конго Демократиялық
Республикасының ресми өкілдері мәлімдеген.
Айтылуынша, мамыр айының ортасында басталған вирустың сирек
кездесетін «Бундибугио» штамының таралуы салдарынан қайтыс болғандар саны 3 398
адамға жеткен. Қазіргі уақытта 837 адам карантинде,
ем қабылдап жатыр, деп хабарлады Report.az.
Бұл — Конго
Демократиялық Республикасындағы Эбола індетінің 17-ші жағдайы. Эпидемияның
негізгі ошағы елдің солтүстік-шығысындағы Итури облысында
тіркелген. Осы уақытқа дейін вирус Конго Демократиялық Республикасының 7 облысына
таралған.
AFP мәліметінше,
жаңа оқу жылы басталғаннан кейін Эбола вирусы мектеп оқушылары арасында жедел
тарала бастаған. Бұл медициналық мекемелерге түсетін жүктемені одан әрі
арттырған.