«Апаттың алдын ала анықталған себебі – техникалық ақау», – деп мәлімдеді министрлік.

Ұшақ адамдер тұрмайтын аумаққа құлағаны айтылды, деп хабарлайды ria.ru.

Бұған дейін Кемерово облысының губернаторы Илья Середюк Ягуново ауылының маңында ұшақ апаты болғанын хабарлаған еді. Ол оқиға орнына жетіп, Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі, Ресей Ұлттық гвардиясы және табиғи апаттар медицинасы мамандарының қатысуымен құрылған жедел топтың жұмысына басшылық жасады.

Олардың жұмысына құқық қорғау және тергеу органдарының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ Кемерово қаласы, Топки қалалық округі және Кемерово ауданының басшылары қолдау көрсетуде.