Бір ай бұрын Мемлекет басшысы Жаңа Ташкент құрылысын жеделдетуге қатысты нақты міндеттер жүктеп, атқарылған жұмыстардың нәтижесін ай сайын талқылап отыруды тапсырған болатын.

Ал өткен аптада қабылданған арнайы жарлықпен инвесторлар, кәсіпкерлер мен өңірлер үшін қосымша жеңілдіктер қарастырылып, жаңа ұйымдастыру тетіктері енгізілді.

Жиында осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану, инвестициялық жобаларды жеделдету және ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелерді жедел шешу міндеттері қаралды.

Мемлекет басшысы Жаңа Ташкенттегі жұмыстарды мүлде жаңа тәсілдермен ұйымдастырып, орындаушылық тәртіпті қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.

Кәсіпкерлердің инвестиция салуға дайын екені, сондықтан оларға артық кедергілерсіз, жедел әрі нақты шешімдер ұсыну керектігі айтылды. Осы мақсатта әрбір инвестициялық жобаның орындалу барысына күнделікті бақылау орнату тапсырылды.

Жиында осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану, инвестициялық жобаларды жеделдету және ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелерді жедел шешу міндеттері қаралды.

Мемлекет басшысы Жаңа Ташкенттегі жұмыстарды мүлде жаңа тәсілдермен ұйымдастырып, орындаушылық тәртіпті қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.

Кәсіпкерлердің инвестиция салуға дайын екені, сондықтан оларға артық кедергілерсіз, жедел әрі нақты шешімдер ұсыну керектігі айтылды. Осы мақсатта әрбір инвестициялық жобаның орындалу барысына күнделікті бақылау орнату тапсырылды.

Осыған орай облыстарға бекітілген аумақтарды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөнінде жеке бағдарлама әзірлеу тапсырылды.

Бұдан бөлек, жаңа қаланың сәулеттік келбеті мен аумақтарды кешенді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Облыстарға бекітілген аумақтар тек тұрғын үйлермен шектелмеуі керек. Мұнда заманауи бизнес және сауда орталықтары, қонақүйлер, білім беру, медицина, мәдениет және спорт нысандары, сондай-ақ тұрғындардың демалуына қолайлы қоғамдық кеңістіктер салынуы қажет екені атап өтілді.

Бұл ретте әрбір нысан жаңа қаланың бірыңғай сәулеттік тұжырымдамасы мен «жасыл құрылыс» талаптарына толық сай болуы керектігі атап өтілді.

Өңірлер арасында заманауи сәулет шешімдерін қолдану, ірі халықаралық брендтерді тарту, саябақтар мен қоғамдық орындарды үлгілі деңгейде абаттандыру бағытында өзара бәсекелестік қалыптастыру мәселесіне де назар аударылды.

Жиында «Жасыл мекен» жалпыұлттық жобасының орындалу барысы да сын тұрғысынан қаралды.

Биылғы күзгі көшет отырғызу науқаны 8 қарашада басталғанына қарамастан, кейбір өңірлерде жұмыстардың баяу жүргізіліп жатқаны айтылды. Атап айтқанда, Ташкент, Самарқанд және Жызақ облыстарында белгіленген жоспарлардың орындалу деңгейі қанағаттанарлықсыз деп бағаланды.

Сондай-ақ көктемде отырғызылған көшеттердің үштен бірі қурап қалғаны, ал кейбір жерлерде іс жүзінде егілмеген көшеттердің өзі есепке енгізілгені қатаң сынға алынды.

Мемлекет басшысы ағаш отырғызуда сан қуалау емес, ең бастысы көшеттердің жерсініп, ұзақ жылдар бойы жайқалып өсуін қамтамасыз ету болуы керектігін атап өтті.

Ол үшін әр өңірдің климаттық және топырақ жағдайын ескере отырып, құрғақшылыққа, ыстыққа және топырақтың тұздануына төзімді ағаш түрлерін таңдау, суару жүйелерін құру және көшеттерді тұрақты күтіп-баптау қажет екені айтылды.

Сонымен қатар көгалдандыру кезінде жергілікті климатқа бейім, күтімі жеңіл өсімдіктерді кеңінен қолданудың маңызы атап өтілді. Осыған орай жергілікті гүлдер мен сәндік өсімдіктерді өсіруге маманданған көшет дайындайтын орындар ашып, суды көп қажет ететін көгал егудің орнына барқытгүл, райхан секілді өсімдіктер мен жергілікті бұталарды отырғызуға басымдық беру қажеттігі айтылды.

Әрбір махаллада бір тұрғынға шаққанда кемінде үш түп ағаш отырғызу, жасыл аймақтарды кеңейту, сондай-ақ бұл жұмыста махалла төрағалары мен орман шаруашылығы қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру міндеті жүктелді.

Жауапты тұлғаларға биыл отырғызылатын көшеттердің кемінде 90–95 пайызының жерсінуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бұған дейін құрылған жасыл аймақтарды сақтап, күтіп-баптау жөнінде нақты шаралар қабылдау тапсырылды.

Жиында белгіленген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берілді.