Мемлекет басшысы Маскат қаласында Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен тарихи келіссөздер жүргізіп, сондай-ақ осы елдің жетекші компаниялары мен қаржы институттарының басшыларымен жемісті кездесулер өткізді.

Саммит аясында Стратегиялық серіктестік туралы келісім қабылданды. Сонымен қатар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, туризм, ғылым және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға бағытталған 30-дан астам құжатқа қол қойылды.

Экономикалық салада жалпы құны 5 миллиард доллар болатын жобалар портфелі қалыптастырылды.

Сапар бағдарламасы аяқталған соң, Маскат халықаралық әуежайында мәртебелі мейманды Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид шығарып салды.

Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.