Сонымен қатар, Өзбекстан алғаш рет электрондық үкіметтің даму деңгейі ең жоғары мемлекеттер қатарына еніп, «Very High EGDI» санатына қосылды.

Бұл туралы Цифрлық технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі БҰҰ деректеріне сілтеме жасап хабарлады.

Аталған нәтиже елде цифрлық экономиканы дамыту, мемлекеттік басқару жүйесіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізу және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытында жүзеге асырылып жатқан реформалардың тиімділігін көрсетеді.

«Өзбекстан – 2030» стратегиясында елді БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексі бойынша әлемнің ең озық 30 мемлекетінің қатарына қосу басым міндеттердің бірі ретінде белгіленген.

Зерттеу нәтижелеріне орай, Өзбекстанның жалпы Электрондық үкіметті дамытудың индексі 0,8930 балды құрады. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 0,7999 балға тең болған.

Индекстің негізгі құрамдас бағыттары бойынша елдің нәтижелері төмендегідей бағаланды:

Онлайн мемлекеттік қызметтері (OSI) – 0,8885 балл;

Телекоммуникациялық инфрақұрылым (TII) – 0,9213 балл;

Адами капитал (HCI) – 0,8692 балл.

Сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысуын бағалайтын Электрондық қатысу индексі (E-Participation Index) 0,8276 балды құрады.

Есепте Өзбекстанның цифрлық трансформация саласындағы тәжірибесі, соның ішінде жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамытуға бағытталған бастамалары да оң мысал ретінде атап өтілген. Атап айтқанда, жасанды интеллект технологияларын мемлекеттік және жеке секторға енгізу, ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және осы саладағы пилоттық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне назар аударылған.

Айта кетейік, БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексі мемлекеттердің онлайн қызметтерінің даму деңгейін, телекоммуникациялық инфрақұрылымын және адами капиталын бағалайды.

Өзбекстанның 32-орынға көтерілуі – елдің стратегиялық мақсаты, яғни БҰҰ рейтингіндегі әлемнің ең озық 30 мемлекетінің қатарына ену жолындағы маңызды жетістіктердің бірі.