Есепте 2000–2023 жылдар аралығындағы әлем халқының өмір сүру ұзақтығы, өлім себептері және ауруларға байланысты өзгерістер талданған.

Мәліметке орай, COVID-19 пандемиясының салдарынан кейін әлемдегі орташа өмір сүру ұзақтығы қайтадан пандемияға дейінгі көрсеткішке жақындаған. Яғни бұл көрсеткіш 73,3 жасқа жеткен.

Алайда жұқпалы емес аурулардың өлім-жітімінің  үлесі барған сайын артып келеді. Атап айтқанда, 2000 жылы барлық өлім жағдайларының 58 пайызы жұқпалы емес ауруларға тиесілі болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 74 пайызға жеткен.

Сонымен қатар денсаулыққа қатысты өмір сүру ұзақтығы 62,8 жасты құрап, 2019 жылмен салыстырғанда аздап төмендеген.

Бұдан бөлек, Альцгеймер ауруы және басқа да деменция түрлеріне байланысты өлім жағдайлары 2000–2023 жылдары үш есеге артқан. Атап айтқанда, деменция 2023 жылы әлемдегі өлім себептерінің арасында 5-орынға көтерілген.

ДДСҰ мәліметтеріне орай, 2019–2023 жылдары депрессиялық бұзылыстарға байланысты аурулар 20 пайызға артқан.

Есепте атап өтілгендей, бұл үрдістер елдерден жұқпалы емес аурулардың алдын алуға, оларды ерте анықтауға, психикалық денсаулыққа және халықтың салауатты өмір сүру ұзақтығын арттыруға бұдан да көп көңіл бөлуді талап етеді.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасты құрады. «Өзбекстан — 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 78 жасқа жеткізу  мақсат етіп қойылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.